Тарих және тұлға

Жұмәділ Маман

Жұмәділ Маман - 1941 жылы 17 қарашада ҚХР, Суар, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Суар педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін 1959 жылы бітіріп, «Іле жастары» журналы, «Іле өрендері» , «Іле» газеттерінің тілшісі, редакторы, аға редакторы болып қызмет атқарды. 1970 жылы «мәдени зор төңкеріс» тұсында 4 жыл еңбекпен түзетуде болған.

Көбірек оқу

Миллиардты мойындатқан ағайындылар

Жуырда ғана Астана төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен Азия елдері арасындағы Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда, грек-рим күресі бойынша Қытай құрамасын әлемге танымал балуан Әлнұр Төргеұлы бастап келді. Миллиард халықтың ішінен суырылып шығып, ұлттық құраманың аға бапкеріне айналған қандасымызды журналистер қауымы жылы қарсы алып, бірнеше сұхбат алып үлгерді.

Көбірек оқу

Ғалымның хаты өлмейді

Қазақтың жазба және ауыз әдебиетіне үлесі өлшеусіз жазушы, ақын, ғалым ағамыз Жұмаділ Маман кеше, 17 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды. Елі үшін қосқан ересен еңбегін мәңгілік дей отырып, ардагер ағамыздың топырағы торқа болсын демекпіз. 

Көбірек оқу

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Алматыда көз жұмды

Шетелдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, танымал жазушы, қоғам қайраткері Жүмәділ Маманұлы 71 жасында Алматы қаласында

Көбірек оқу

Әшім Дүңшіұлы

Әшім Дүңшіұлы ( 1896, ҚХР, Іле аймағының Күнес ауданы — 1962, сонда) — күйші. Әкесі Дүңші ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен. Әшім домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға аты әйгілі күйші атанады.

Көбірек оқу

Ермұрат Зейіпхан (деректі фильм)

Ермұрат Зейіпхан 1966 жылы 15 маусымда Қытай Халық республикасындағы Шыңжаң өлкесі, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Орта мектепті, өнер институтын сонда тамамдал, 1991 жылы қазан айында Қазақстанға оралған. Алғашқы прозалық шығармасы 1999 жылы «Сыбызғы сарыны» деген атпен жарық көрсе, поэзия кітабы 2002 жылы «Өзіңе арнадым» деген атпен шықты. Республикалық газет-журналдарда шығармалары үзбей жарияланып тұрады.

Көбірек оқу

Қызай атауы туралы…

Қызай тарихына қатысты әңгімені жалғастырамын деп оқырманға уәде беріп едім. Осы жолы «Қызай» атауы қайдан шықты деп бірді-екілі жорамалды қарастырайық. Біріншіден, Доспер ақынның «Есенкелді батыр» поэмасында жырланатын нұсқаға жол берейік:

Көбірек оқу

Домалақ ана. Қызай Ана

Домалақ ана Бәйдібектің 2-ші әйелі, шын аты Нұрила (Бибісара). "Диһнат мама" (әулие ана) деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Ұлы жүздегі Албан, Суан, Дулат - үш ру Жарықшақтан (Жарықбас) тарайды. Қазақтың бұл іргелі рулары негізінен Алматы, Жамбыл облыстарын мекен етеді - Бәйдібектің Домалақ Анадан тараған ұрпақтары. Домалақ Ананың өзі Қожа руынан, Мақтым ағзам қожаның немересі.

Көбірек оқу

Қызай ана қайда жерленген?

(Ізденістер, сапар естеліктері, екінші бөлім) Бесінші сапар

Көбірек оқу

Қызай ана және оның шыққан тегі туралы

Бір кісі Аллаһ елшісіне (с.ғ.с.) келіп: – Уа, Аллаһтың елшісі! Жақсы мәміле жасауыма адамдардың ең құқылысы кім? – деп (сұрады). Пайғамбар (с.ғ.с.): «Анаң», – деді. Одан кейін кім? – деп (сұрады). Одан кейін де анаң, – деді. Одан кейін кім? – деп (сұрады). Одан кейін де анаң, – деді. Одан кейін кім? –деп (сұраған еді). Одан кейін әкең, – деп айтты. Тағы бір хадисте жәннәт анаңның табанының астында деп келеді.

Көбірек оқу

Оразамбай Егеубаев бір институт атқаруға тиісті жұмысты жалғыз өзі жүзеге асырған ғалым

Оразамбай Егеубаев Алаш қайраткері Таңжарық Жолдыұлының шығармашылығын насихаттауға өмірін арнаған қаламгер. Тұлғаның Таңжарық ақынның екі томдық толық жинағы және «Таңжарықтану», «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар», «Таңжарық Жолдыұлы» атты зерттеу материалдары соның дәлелі. Сондай-ақ, «Өмір өткелдері», «Адам, ат, ит», «Тауұлы» кино-романы, «Таңжарық» 5 бөлімді көркем фильмі де Оразамбай Егеубаевтың елеулі еңбектерінің бір парасы.

Көбірек оқу

Ермұрат Зейіпхан

Ермұрат Зейіпхан - 1966 жылы 30 маусымда Қытай Халық республикасындағы Шыңжаң өлкесі, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Орта мектепті, өнер институтын сонда тамамдал, 1991 жылы қазанда Атамекенге оралып, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында актерлік мамандығында оқиды. Содан кейін Абай атындағы опера және балет театрында, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер ретінде қабылданып, сан түрлі образдарды сомдаған.

Көбірек оқу