25/12/2021 22:31

Әшім Дүңшіұлы


Әшім Дүңшіұлы
90 Көру

Әшім Дүңшіұлы ( 1896, ҚХР, Іле аймағының Күнес ауданы — 1962, сонда) — күйші. Әкесі Дүңші ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен. Әшім домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға аты әйгілі күйші атанады. Шыңжаңның көп жерін, Қытайдың ішкі өлкелерін аралап, өнер көрсетеді. өзі де “Ақерке”, “Ақ толқын”, “Таң бұлбұлы”, “Сыбызғы үні”, “Аққу келді”, “Күй қайтарма”, “Арман-ай”, т.б. күйлер шығарған. 350-ден астам халық күйлерін тарта білген. 60-тан астам төл шығармасын Іле халық баспасы “Әшім күйлері” деген атпен басып шығарған (1981).