25/12/2021 19:47

Домалақ ана. Қызай Ана


Домалақ ана. Қызай Ана
73 Көру

Домалақ ана Бәйдібектің 2-ші әйелі, шын аты Нұрила (Бибісара). "Диһнат мама" (әулие ана) деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Ұлы жүздегі Албан, Суан, Дулат - үш ру Жарықшақтан (Жарықбас) тарайды. Қазақтың бұл іргелі рулары негізінен Алматы, Жамбыл облыстарын мекен етеді - Бәйдібектің Домалақ Анадан тараған ұрпақтары. Домалақ Ананың өзі Қожа руынан, Мақтым ағзам қожаның немересі. Бәйдібек ауылының көші Ташкенттен Қаратауға көшіп бара жатқан жерде Балабөген өзенінің жағасында әулие ана намаз оқып отырған жерінде қайтыс болып, оған сол жазықтықтан кесене тұрғызылған. Домалақ ана кесенесі деп аталады. Қазір Астана қаласында Домалақ ана көшесі бар. Домалақ ана туралы ән: Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға, Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға. Теңізімнің тамшысындай арналады бұл әнім – Елін сүйген қасиетті Домалақтай анаға Елін сүйген қасиетті Домалақ ана Қиратқан соң тас-талқан ғып қасиетті мазарын, Ата-баба әруағы салмай қойды назарын. Бәлкім әлде содан болып жүр ме екен өмірде Ұрпағыңның бұл күндері тартып жүрген азабы. Толғанайын, айналайын, Домалақ ана Көп адасқан ұрпағыңды кешіре гөр ардағым, Әруағыңмен желеп-жебеп жүре берші әрдайым! Қадіріңді, қасиетіңді кеш білсем де әз Ана, Есіміңді әнге қосып мәңгілікке жалғайын! Толғанайын, айналайын, Домалақ ана Риза болшы қолда барға, Домалақ ана Қызай Ана Бәйдібектің әйелі Нүриладан (Домалақ ене) Жарықшақ туған. Жарықшақтың Күнбүбі (Айқыз деп те айтылады) деген қызы Найман еліне келін болып түсіп, ақыл-көркімен жұртқа жағып, төңірегі «Бәйдібектің немере қызы атасы мен әжесәіне сай екен!"» деп сүйсінетін болған. Осыдан Күнбүбі аты бірте-бірте ұмыт болып, келін боп түкен елі оны «Қызай» деп атап кетеді. Қызайдан өрбіген рулы ел де «Қызай» аталады (Н.Қазыбеков. Ат тергеу − әдептілік белгісі. − «Түркістан» газеті. 2000, наурыз). Күнбүбінің келін болып түскен жері Найман ішіндегі іргелі ата − Төлегетайдың (Төлеқытай) елі. Атап айтқанда, Төлегетайдан − Қаракерей, Садыр, Матай, Аталық туса, Осылардың ішіндегі Аталық батырдың (Төртуыл Құттыболат деп те айтылады) Шағыр деген баласына Күнбүбі тұрмысқа шыққан. Шағыр мен Күнбүбіден − Дербіс, Бегімбет, Итемген, Меңіс туып, осылардың ұрпағы кейіннен «Қызай» деп аталатын рулы елге айналған. Келесі бір шежіре дерегінде Ұлы жүз Албан, Суан, Дулаттың шешесі Нүриланың (Домалақ ене) қызы Қызай еді дейді. Қызайдың күйеуі Найман ішіндегі матай руының Шағыр деген білікті адамы болса керек. Шағыр мен Қызайдың арасынан Жеңіс (Итемген), Меңіс деген екі ұл туады. Шағыр ертерек дүние салып, Қызай өзінің қайнысы Тоқтарға тиеді. Тоқтардан Дербіс, Бегімбет деген екі ұл көреді. Қызайдың бауырынан өрген төрт ұлдың ұрпағы кейін өсіп-өне келе рулы елге айналып, «Қызай елі» атанады. Қызай руының басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Іле, Текес алабын мекен етеді. Шежіре дерегінде Қызайларды Шығыс Түркістанға Барлық батырдың бастап барғаны айтылады. ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістандағы Қызайлар 16 болыс, 40 мыңдай шаңырақ болыпты.

Домалақ ана

Бәйдібектің 2-ші әйелі, шын аты Нұрила (Бибісара). "Диһнат мама" (әулие ана) деген атаудан шығарылып, Домалақ ана есімімен аталып кеткен. Ұлы жүздегі Албан, Суан, Дулат - үш ру Жарықшақтан (Жарықбас) тарайды. Қазақтың бұл іргелі рулары негізінен Алматы, Жамбыл облыстарын мекен етеді - Бәйдібектің Домалақ Анадан тараған ұрпақтары. Домалақ Ананың өзі Қожа руынан, Мақтым ағзам қожаның немересі. Бәйдібек ауылының көші Ташкенттен Қаратауға көшіп бара жатқан жерде Балабөген өзенінің жағасында әулие ана намаз оқып отырған жерінде қайтыс болып, оған сол жазықтықтан кесене тұрғызылған. Домалақ ана кесенесі деп аталады. Қазір Астана қаласында Домалақ ана көшесі бар.

Домалақ ана туралы ән:

Кенде емес қой бұл қазағым ақ сүт берген анаға.

Теңізімнің тамшысындай арналады бұл әнім –

Елін сүйген қасиетті Домалақтай анаға

Кенде емес қой бұл қазағым ақыл берген данаға,

Елін сүйген қасиетті Домалақ ана

Қиратқан соң тас-талқан ғып қасиетті мазарын,

Ата-баба әруағы салмай қойды назарын.

Бәлкім әлде содан болып жүр ме екен өмірде

Ұрпағыңның бұл күндері тартып жүрген азабы.

Толғанайын, айналайын, Домалақ ана

Көп адасқан ұрпағыңды кешіре гөр ардағым,

Әруағыңмен желеп-жебеп жүре берші әрдайым!

Қадіріңді, қасиетіңді кеш білсем де әз Ана,

Есіміңді әнге қосып мәңгілікке жалғайын!

Толғанайын, айналайын, Домалақ ана

Риза болшы қолда барға, Домалақ ана

Қызай Ана

Бәйдібектің әйелі Нүриладан (Домалақ ене) Жарықшақ туған. Жарықшақтың Күнбүбі (Айқыз деп те айтылады) деген қызы Найман еліне келін болып түсіп, ақыл-көркімен жұртқа жағып, төңірегі «Бәйдібектің немере қызы атасы мен әжесәіне сай екен!"» деп сүйсінетін болған. Осыдан Күнбүбі аты бірте-бірте ұмыт болып, келін боп түкен елі оны «Қызай» деп атап кетеді. Қызайдан өрбіген рулы ел де «Қызай» аталады (Н.Қазыбеков. Ат тергеу − әдептілік белгісі. − «Түркістан» газеті. 2000, наурыз).

Күнбүбінің келін болып түскен жері Найман ішіндегі іргелі ата − Төлегетайдың (Төлеқытай) елі. Атап айтқанда, Төлегетайдан − Қаракерей, Садыр, Матай, Аталық туса, Осылардың ішіндегі Аталық батырдың (Төртуыл Құттыболат деп те айтылады) Шағыр деген баласына Күнбүбі тұрмысқа шыққан. Шағыр мен Күнбүбіден − Дербіс, Бегімбет, Итемген, Меңіс туып, осылардың ұрпағы кейіннен «Қызай» деп аталатын рулы елге айналған.

Келесі бір шежіре дерегінде Ұлы жүз Албан, Суан, Дулаттың шешесі Нүриланың (Домалақ ене) қызы Қызай еді дейді. Қызайдың күйеуі Найман ішіндегі матай руының Шағыр деген білікті адамы болса керек. Шағыр мен Қызайдың арасынан Жеңіс (Итемген), Меңіс деген екі ұл туады. Шағыр ертерек дүние салып, Қызай өзінің қайнысы Тоқтарға тиеді. Тоқтардан Дербіс, Бегімбет деген екі ұл көреді. Қызайдың бауырынан өрген төрт ұлдың ұрпағы кейін өсіп-өне келе рулы елге айналып, «Қызай елі» атанады.

Қызай руының басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Іле, Текес алабын мекен етеді. Шежіре дерегінде Қызайларды Шығыс Түркістанға Барлық батырдың бастап барғаны айтылады. ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістандағы Қызайлар 16 болыс, 40 мыңдай шаңырақ болыпты.

El.kz сайтынан.