26/12/2021 01:23

Жұмәділ Маман


Жұмәділ Маман
193 Көру

Жұмәділ Маман.png

Жұмәділ Маман 1941 жылы ҚХР ШҰАР Іле аймағының Күнес ауданында дүниеге келген. Ақын, жазушы, зерттеуші.
1959 жылы Шынжаң педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін тәмәмдаған. Содан бастап «Іле жастар» журналы мен «Іле өрендері» газеті, «Іле газеті», «Іле айдыны» сияқты газет-журналдарда тілші, редактор, бас редактор бола жүріп, әдеби жасампаздықпен шұғылданған.
Ж. Маманның қазірге дейін оқырманына «Қарақат» (өлеңдер), «Ақылбай атайдың әңгімелері» (повесть), «Тау жалыны» (дастан-поэмалар), «Әке бауырындағы бала» (әңгіме-повесть), «Жұмәділ дастандары», «Тұнық дауыс» (өлең-поэма), «Әкпар-Сейіт» (роман), «Ән сыры – жан сыры» (ғылыми мақалалар жинағы), «Ашық есік алдында» (эсселер), «Айхан» (аударма әңгіме-повесть), «Жырақтан жеткен жыр дерек» (ғылыми мақалалар жинағы), «Көпірдегі көкжалдар», «Күмбезге түскен күншуақ» (хикаят-әңгімелер) кітаптары мен Қытайда жалғасты шығып жатқан
«Қазақтың әйгілі тарихи адамдары» атты үлкен тақырып астында «Әкпар батыр», «Әсет Найманбайұлы» қатарлы кітаптарын ұсынды.
 
Жұмәділ Маман соңғы жиырма жылға таяу ҚХР Іле қазақ автономиялы облыстық Әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің төрағасы (бұл бірлестік Жазушылар одағы, Кино-телевизоршылар одағы, Композиторлар одағы, Бишілер одағы, Әсем өнершілер одағы сияқты, т.б. 9 творчестволық одақты басқарады), «Іле айдыны» (қазақ, қытай, ұйғыр тілдерінде шығатын әдеби журналдар) журнал мекемесінің бастығы, бас редакторы болып тұрғанда Қытай мен Қазақстан ортасындағы әдебиет-мәдениет достастығының дәнекері болып үлкен роль атқарған.
Ж.Маман қазір ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология-журналистика ғылымы бойынша профессор, ҚХР
әдебиет-көркемөнеріне еңбегі сіңген үздік маман. Қытай Жазушылар одағының, Қытай аз ұлттар әдебиетін зерттеу қоғамының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шынжаң Таңжарықты зерттеу қоғамы төрағасының орынбасары.
 
келу қайнары: Әдебиет порталы