25/12/2021 21:30

Күнес-ай (Дәлелқан Әділбекұлының орындаунда)


Күнес-ай (Дәлелқан Әділбекұлының орындаунда)
187 Көру

“Басы Күнес Іленің”, деген ақын кім едің?

Туған жерін аңсамау, жұмыр басқа мін едің.

Сары ауру сағыныш, табар дейсің кім емін?

Бір аралап қайтуға қиял тұлпар мінемін.

 

Қайырмасы:

Кейде өзіңе бұлданып,Алушы едім, Күнес-ай!

Алыс кетсем мұңданып,Қалушы едім, Күнес-ай!

Бауырыңа бір барып,Енейінші, Күнес-ай!

Көзім алды дымданып, Келейінші, Күнес-ай!

 

Пешенесі Ақөзен, кесенесі Бестөбе.

Алмалы мен Телқара – анам тіккен кесте ме?!

Қарабура қомданып, Нарат қамдап көшкен ел,

Аққолтықтың күнгейлеп, соғар желі есте ме?!

 

Өрікті арал, Жаутоғай тұнып тұр бір сезіммен.

Көкшоқы анау ботам деп,боздап тұрған боз інген.

Боз жусаның бөзіңмен,көне зират көзіңмен.

Тік көтеріп төбеме, әкетсемші-ай өзіммен!