26/12/2021 00:03

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Алматыда көз жұмды


Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Алматыда көз жұмды
112 Көру

Ғалымның хаты өлмейдіШетелдегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, танымал жазушы, қоғам қайраткері Жүмәділ Маманұлы 71 жасында Алматы қаласында  дүниеден өтті. Марқұм 1941 жылы ҚХР, Іле қазақ автономиялы облысы Күнес ауданының Түрген ауылында туылған. 1956-1959 жылдар аралығында Шыңжаң педагогика институтының әдебиет факультетінде білім алған. Жүмәділ Маманұлы алғашқы қызметін «Іле жастары», «Іле өрендері» газетінде журналист болып бастады. Кейінірек «Іле газеті», «Іле жастары» журналы, «Іле өрендері» газеті мен «Іле айдыны» журналында тілші, жауапты редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. Ол 1985 жылдан 2003 жылға дейін Іле қазақ автономиялы облыстық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің төрағасы, «Іле айдыны»(Қытай, қазақ тілінде, ұйғыр тілінде жарық көретін) журналы мекемесінің бастығы әрі бас редакторы болды.

Алғашқы әдеби жасампаздығын 1958 жылы жарық көрген «Емен сыры» атты балладасымен бастаған қаламгер содан қазірге дейін мыңнан астам өлең, толғау, 20-дан астам дастан, баллада, 100-ге жуық әңгіме, очерк, естелік, эссе, повесть жазды. Ақынның «Тау жалыны»(дастан), «Қарақат»(өлеңдер жинағы), «Ақылбай атайдың әңгімелері»(повесть), «Әкбар-Сейт»(Өлеңмен жазылған роман), «Жүмәділ дастандары», «Әке бауырындағы бала»(әңгіме, повестер жинағы), «Тұнық дауыс»(Өлең, поэмалар жинағы), «Айхан»(Аударма кітап), «Ән сыры – жан сыры»(ғылыми мақала, эсселер жинағы), «Күмбезге түскен күн шуақ»(повесть, хикаяттар жинағы), «Ашық есік алдында»(эсселер жинағы), «Әкбар батыр» , «Нүсіпхан полковник» (қазақ тарихындағы әйгілі адамдар сериясы), «Адамның бұлбұлы – Әсет»(тарихи эссе) сынды кітаптары оқырманмен жүздескен.

Жүмекеңнің «Ақылбай атайдың әңгімелері» сияқты шығармалары қытай, ұйғыр, қырғыз, жапон тілдеріне аударылған.

Жүмәділ Маманұлы Қытай халық жазушылар қоғамының, Қытай аз ұлттар әдебиетін зерттеу қоғамының,Қытай Манас зерттеу қоғамның, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ШҰАР әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің тұрақты жорасы, Шынжаң Таңжарық зерттеу ғылыми қоғамының орынбасар төрағасы, Іле қазақ әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің төрағасы, Қытай "мемлекеттік таңдаулы маман" атағының және Шыңжаң қазақ-қырғыз "Тұлпар" әдеби сыйлығының иегері. Оның есімі мен еңбектері «Халықаралық әйгілі адамдар», «Жоңго жазушылары», «Жоңго дарындылары», «Жоңго мамандары» қатарлы кітаптар мен сөздіктерге енгізілген.

Марқұмының жатқан жері жәннатта, топырағы торқа болсын!

"Қамшы" сілтейді.